Есіл аудандық сотында азаматтық іс татуласу келісімін бекіту тәртібінде тоқтатылды
Ақмола облысы Есіл аудандық соты А-ның жауапкер Б-ға қатысты неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.
Талапкер А. талап арызында оның және жауапкердің арасындағы неке қатынастары тоқтатылғанын, кәмелетке толмаған ортақ балалары бар екенін, олар жауапкермен бірге тұратын, мүліктік дау және ортақ мүлкі жоқ екенін көрсеткен.
Сот отырысында тараптар отбасын сақтау мақсатында бітімгершілік келісім жасасу арқылы дауды шешу туралы келісімге келді.
Сот ұйғарымымен осы азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды, тараптарға бітімгершілік келісімді бекітудің салдары түсіндірілді.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.