Есіл аудандық сотында әкімшілік іс Билер Кеңесінің жәрдемдесуімен қаралды
Ақмола облысы Есіл аудандық сотында әкімшілік іс Билер кеңесінің жәрдемдесуімен медиация тәртібінде қаралды.
Сот отырысында судья тараптарға Есіл ауданының билер кеңесінің қатысуымен бітімгершілікке келудің мүмкіндіктерін түсіндірді. Нәтижесінде Билер кеңесімен өткізілген медиацилық іс шарадан кейін, тараптар бітімгершілікке келді.
Соттың қаулысымен, құқықбұзушылық жасаған тұлғамен жәбірленуші медиация тәртібімен бітімге келуіне байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер тоқтатылды.