"Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтама

Есіл қаласы
15.06.2021 ж.

Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және болдырмау мақсатында Есіл ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 29 қаулысына сәйкес ішкі талдау жүргізілді.

  1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Ішкі талдау барысында 2020 жылғы 17 наурызда Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Есіл ауданы әкімінің аппаратының Регламенті және жұмыс барысында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы; 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы; 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы; 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы зерттелді. Нормативтік құқықтық актілерді зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

2.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.

Талдау барысында 2021 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша Есіл ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің саны 22 адамды құрағаны анықталды, штаттық сан 25 адам болған. 6 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған, ал 2021 жылдың 5 айы ішінде бір адам қызметінен ауыстырылған. Осы есепті кезеңде 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қызметкерлердің жеке істерін зерттеу барысында қызығушылықтар қақтығысы анықталмаған. Қызметкерлердің арасында жақын туыстары, жұбайлары немесе қайынжұрттары жұмыс істемейді.

2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

2020 жылғы 31 қаңтардағы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтердің реестрі бойынша Есіл ауданы әкімінің аппараты келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  • Әскерге шақырудан кейінге қалдыру беру – 28;
  • Әскерге шақырудан босату – 0;
  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бір түрден екінші түрге ауыстыруға шешім беру – 11;
  • Құрылыстарды жою бойынша жұмыстарды жүргізуге шешім беру – 1;
  • Мемлекеттік меншікке жататын жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу, сауда-саттықсыз (конкурстар мен аукциондарсыз) – 1.

Жалпы, есепті кезеңде 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер уақытылы орындалды. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзімдердің бұзылғандығы анықталған жоқ. Барлық қызметтер уақтылы және сапалы орындалды.

Ұсыныс: Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушылар арасында «Электрондық үкімет» порталын пайдалану арқылы қызмет алу туралы үнемі түсіндіру шараларын өткізу керек.

2.3. Өтініштерді қарау.

Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде Есіл ауданы әкімінің аппаратына 148 өтініш түскен, оның ішінде 115-өтініш, 33-өзге өтініштер.

136 өтініш қаралып, оның ішінде 26- қанағаттандырылған; 109- түсініктеме берілген; 1- тоқтатылған.

12 өтініш басқа органдарға, төменгі және жоғарғы органдарға жолданған.

Қазіргі таңда 15 өтініш қаралуда. Өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы жоқ, барлық өтініштер уақтылы қаралған.

Прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері жоқ.

2.4. Мемлекеттік сатып алулар.

Мемлекеттік қаржының ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде жылдық жоспар бекітіліп, электронды веб-порталда жарияланады. Осыған байланысты барлық мемлекеттік сатып алулар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі.

2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 мамырына дейінгі аралықта мемлекеттік сатып алу бойынша 44 келісім-шарт жасалған. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуларға қатысқан мүмкін жеткізушілердің арасында мемлекеттік мекеме басшысының жақын туыстары, жұбайлары немесе қайынжұрттары болмағаны анықталды. Мемлекеттік сатып алулар тиімді және оңтайлы қаржы жұмсау, жариялылық пен ашықтық принциптері бойынша жүргізіледі.

Ұсыныс: Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын бақылауды және бухгалтерлік есепті жүргізуді тұрақты түрде жүргізу қажет.

Қорытындылай келе, Есіл ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында еңбек тәртібін, Этикалық кодекстің талаптарын және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Аппаратта тұрақты түрде «сенім телефоны» жұмыс істейді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қабылдау графигі бар.

Осы кезең ішінде мемлекеттік қызметшілер туралы теріс ақпараттар анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, жұмыс тобы бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.

Ұсыныстар:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін орындаудағы жауапкершілігін арттыру қажет. Заңнаманың бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қабылдап, тұрақты түрде оқу семинарларын өткізіп, мемлекеттік қызметшілерді өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарына жіберіп отыру керек. Қолданыстағы заңнаманы және оған енгізілетін өзгерістерді уақытында зерделеу қажет. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет стандарттарын қазақ және орыс тілдерінде жариялау керек. Мемлекеттік қызметтер көрсету, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау керек.


Есіл ауданы әкімінің аппаратының басшысы
Ж. Мусабаев

Келісілді:

Мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы
Ж. Аманжолов

Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы
Л. Гахова

Персоналды басқару бөлімінің басшысы
А. Бектемирова

Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшысының орынбасары
Н. Сыздыгалин

Дата публикации
16 июня 2021