КРАСИВИНСКИЙ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ҮМІТКЕР

Утемисова Ботакоз Алтайқызы -1977 жылы туған, қазақ,  білімі жоғары, Арқалық педагогикалық институты 1999 жылы «тарих және құқық мұғалімі» мамандығыны бойынша бітірген.

Еңбек жолын Арқалық қаласы А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2001 жылдың қаңтар бастап 2005 жылдың сәуір дейін Есіл ауданы бойынша Салық комитетінің ұйымдастыру - құқықтық жұмысы бөлімінің жетекші маманы.

2008 жылдың тамыз бастап 2009 жылдың сәуір дейін Есіл ауданы бойынша салық Комитетінің қазақ тілінің аудармашысы.

2010 жылдың қыркүйегінен бастап 2017 жылдың қаңтарына дейін "Есіл ауданының құрылыс бөлімі" ММ хатшысы.

2017 жылдың қаңтар бастап қазіргі уақытқа дейін "Есіл ауданы Красивинский ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы.

Красивинский селолық округі әкіміне үміткер

Утемисова Ботакоз Алтайқызының сайлау алдындағы

бағдарламасы

Қазір біздің еліміздегі болып жатқан оң өзгерістер - ол экономикалық, саяси  және әлеуметтік жағынан даму нәтижесі. Сондықтан біз бүгінде мақсаты әр қазақстандықтың қамы үшін құрылған қайта құрылу жолында Елбасы Президентімізбен әрқашанда бірге болуымыз керек.

Егер мен Красивинский селолық округіне әкім болып тағайындалсам, мен мынадай мәселелерді шешуге барлық күш - жігерімді жұмсаймын.

-        ауылдың қарттарына, мүгедектерге және көп балалы аналарға көмек көрсету;

-        ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, орта және шағын бизнесті дамыту;  

-        ауылдың жолын жөндеуден өткізу,

-        ауылдың жастарына несие алуға көмектесу және осы несие арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу;

-        ауылда тұратын жастарға шаруа қожалықтары арқылы білім алуға көмектесу және оларды келешекте жұмыспен қамтамасыз ету;  

Осы аталған мәселелерді дамытып жақсартсақ халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Ауыл тұрғындарына көмек көрсету, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту - әкімнің ең бірінші міндеті.

КРАСИВИНСКИЙ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ҮМІТКЕР
Дата публикации
26 мая 2021