Төлеубаев Рүстем Бірлесұлы - 1981 жылы 7 желтоқсанда Ақмола облысының Есіл қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Есіл қаласының №2 орта мектебін бітіргеннен кейін ҚР ІІМ Павлодар заң колледжіне оқуға түсіп, 2001 жылы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2001 жылы Ақмола облысы ІІД Есіл АІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы болып бастаған.
2003 жылдан 2010 жылға дейін: Ақмола облысы ІІД Есіл АІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі.
2010 жылдан 2011 жылға дейін: Ақмола облысы ІІД Есіл АІІБ тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі.
2011 жылдан 2012 жылға дейін: «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК үй басқармасы.
2012 жылдан 2013 жылға дейін: «Есіл ауданының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ бас маманы.
2013 жылдан 2015 жылға дейін: Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.
2015 жылдан 2017 жылға дейін: «Есіл ауданының құрылыс бөлімі» ММ бас маманы.
2017 жылдан 2021 жылға дейін Ақмола облысы Есіл ауданы Красивинский ауылдық округінің әкімі.
ЗНАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ
ӘКІМ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТ
ТӨЛЕУБАЕВ РҮСТЕМ БІРЛЕСҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алдағы уақыт – бұл елдің экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуындағы орасан зор өзгерістер дәуірі және әрбір қазақстандықтың осы игілікті міндетті шешуге өзінің елеулі үлесін қосу борышы болып табылады.
Знаменка ауылының әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, мен өз алдыма жергілікті атқарушы органның құрамында ауыл тұрғындарының барлық өмірлік маңызды мәселелерін шешуге белсенді ықпал ету мақсатын қойдым. Өз жұмысымда шешімдер қабылдау кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алуға міндеттенемін:
- адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
- заңдылық;
- экономикалық орындылығы;
- әлеуметтік бағдарлылық;
- мәдени-тарихи құндылықтарды сақтау.
Баяндалған принциптердің әрқайсысының теңдігін ескере отырып:
- негізгі ауылдық проблемалар бойынша шешімдерді талқылауға және қабылдауға ауыл жұртшылығының қатысуын қамтамасыз ету;
- аппаратты тиімді басқару;
- мемлекеттік мүлікті, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, жергілікті бюджеттің кірістілігін ұлғайту және оның орындалуын бақылау;
- ауылды абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жоспарлау кезінде ЖШС және ШҚ қаржы қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі пікірін ескеру;
- аумақтарды абаттандыруға жер пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту;
- барлық ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселені шешу;
- ауыл шаруашылығы құрылымдарының мүдделерін қорғау;
- жаңа кәсіпорындарды дамыту үшін жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын құру;
Адамдардың ауылдан кетуіне жол бермеу үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, медициналық қызмет көрсету мен білім беру сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру қажет. Сонымен қатар, ауыл аумағында қоқысты тазарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізу қажет, өйткені таза ауылда көшелермен жүру жанға жайлылық береді.