Шайхистанов Нурдаулет Жанахметұлы-1978 жылы туған, казак, білімі жоғары, жылы Көкшетау университеті 2008 жылы «құқық» мамандығыны бойынша бітірдім.
Еңбек жолын Жарқайың ауданы "Балуанкөл" АШП мал шаруашылығының жұмысшысы болып бастаған.
1996 жылдың маусымынан 1998 жылдың маусымына дейін - атырау қаласының ҚР қарулы күштерінде қызмет етті.
1999 жылғы желтоқсаннан 2000 жылғы наурызға дейін – Арқалық қаласы УК-161/12 мемлекеттік мекемесі бақылаушысының міндетін атқарушы.
2001 жылдың шілдесінен 2001 жылдың тамызына дейін - Павлодар қаласының Павлодар колледжі жанындағы алғашқы дайындық курстарының тыңдаушысы.
2008 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың қараша айына дейін Есіл қаласының ішкі істер органдарында қызмет атқарды.
2019 жылдың маусым айынан 2019 жылдың қазан айына дейін Есіл ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.
2019 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Есіл ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы.
Есіл ауданының Красногорский кенті әкіміне
үміткер Шайхистанов НУРДАУЛЕТ Жанахметұлының сайлау алды
бағдарламасы
Менің тағдырым Отанымның тағдырымен бір, мақсатымда біреу ол халқыма қызмет ету. Мен өзімнің сайлау алды бағдарламамда Отанымның, халқымның көркейуі үшін қолымнан келетін істерімді көрсетуім қажет.
Бар күшімді Красногорский кенті тұрғындарының мұқтажын шешуге жұмсаймын. Алдыма шешуін қажет ететін нақты міндеттер қоямын.
- біріншіден ауыл тұрғындарының тұрмыс-жағдайын жақсарту, рухани және мәдени құндылықтарын жаңғырту,тұрғындардың денсаулығын, ана мен баланың әлеуметтік құқықтарын және қоршаған ортаны қорғау;
- денсаулық сақтау саласындағы қиындықтарға ден қоя отырып селолық аурухананың жұмысын жақсарту, оның мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалану;
- басты міндеттердің бірі ол мүгедектер мен зейнеткерлерге, көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылырына қолдау мен нақтылай көмек көрсету;
- инновациялық және салыстырмалық экономика қазіргі үлгідегі білім жүйесінсіз мүмкін емес сондықтан мектепке дейінгі балаларды толығымен қамту, білім беру сапасын жақсарту, мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру - менің жұмысымның басты мақсаты;
- мектептің материалдық-техникалық қорын жаңарту, мектепке жөндеу жүргізу, мамандар мәселесін шешу, әсіресе жоғары білікті физика және математика пәнінің мұғалімдерін жұмысқа тарту маңызды міндеттердің бірі деп санаймын;
- жастар – Қазақстанның болашағы сондықтан жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы, сол сияқты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дамуын және қабілеттілігін дамыту басты мәслеле деп санаймын;
- ауыл тұрғындарының үй-тұрмысын жақсарту, жазғы суару жүйесін және ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру қажет;
- Кентте орналасқан ЖШС және ШҚ басшыларымен бірлесе отырып ауылдарды абаттандыруды жүргізу. Қыс мерзімдерінде көшелерді қардан тазарту, жаз мезгілінде көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тарихи жәдігерлерді сақтап және оларды көріктендіру қажет;
- демократиялық қоғам құру тұрақты және ұзақ процесс. Мен Красногорский кентінің әкімі болып сайланған жағдайда Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында Жалпы халықтық саяси бағдарламаның мәртебесін көтеруге, сайлау заңнамаларын жетілдіруге, өзін-өзі басқару институтын іс жүзіне асыруға өз үлесімді қосамын.
Бар күш–жігерімді, білімімді, өмірлік тәжірибемді халыққа адал да тәжірибелі қызмет етуге жұмсаймын.