КРАСИВИНСКИЙ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ҮМІТКЕР

Сағит Рахымжанұлы Жармағанбетов -1968 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2005 жылы Көкшетау университетін заңгер "мамандығы бойынша".тамамдаған

Еңбек жолын 1986 жылы Торғай облысы  Жангелдин ауданы «Қызбел" совхозында қарапайым жұмысшы болып бастаған.

1986 жылдан 1988 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында.

1992 жылдан 1994 жылға дейін – Торғай облысы  Жангелдин ауданы Алтынсарин орта мектебінде мұғалім. 

1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін – Жангелдин ауданы "Бірлік" шаруа қожалығында агроном.  

1995 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың қыркүйек айы аралығында Есіл ауданының ішкі істер органдарында қызмет еткен.

2014 жылдың қаңтар айынан 2017 жылға дейін жеке кәсіпкер.

2017 жылдан 2021 жылдың сәуіріне дейін Красногорский кентінің әкімі.

Красивинский селолық округі әкіміне үміткер САҒИТ РАХІМЖАНҰЛЫ ЖАРМАҒАНБЕТОВТІҢ САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Біздің республикамыздың байлығы оның аумағының үлкендігімен ғана емес оның табиғи қорларымен, азаматтардың жақсы жағдайымен айқындалады.

Жыл сайынғы еліміздің Президентінің Жолдауында әлеуметтік саясаттың дамуына ерекше көңіл бөлінген. Әлеуметтік саясат барлық қазакстандықтардың өмірін жақсартуына көрсеткіш болып табылады.

Сондықтан да мен өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту, рухани, мәдени құндылықтарды жаңғыртуға ат салысамын. Атап айтқанда:

-еңбек нарқы, ауыл тұрғындарының әсіресе жастардың жұмыспен қамтылуы жағдайларын жақсарту үшін;

-ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру, аналар мен балаларды қорғау үшін;

-халықтың қорғалмаған категориясы – зейнеткерлер, мүгедектер әсіресе жалғыз ілікті зейнеткерлерді қолдау үшін;

-бюджет жүйесіндегі қызметкерлердің мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру үшін;

-экологиялық жағдайды жақсарту, бұл мәселе бүгінде әлемдік дәрежеге кіріп отыр, сонда да аз да болса тұрған жерімізге қалыпты тәртіп жасау үшін;

-ауыл тұрғындарын сапалы ауыз суымен қамтамасыз етілуі үшін;

-клуб және кітапхана мекемелерінің базаларын қалпына келтіру және нығайту үшін;

-шаруа және фермерлік шаруашылықтардың өсуін, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру үшін;

-ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылым дамуын: телефон байланысы, көліктік қатынас, автомобиль жолдары үшін.

Егер мені Красивинский ауылдық округі әкімі болып сайланған   жағдайда мен барлық күш – жігерімді өзімнің ұсынып отырған бағдарламамды орындауға жұмсаймын, ауыл тұрғындарымен  жиі кездесіп, жазған хаттары мен өтініштерін қарастырып, өз өкілеттіктерім шегінде мәселелерін шешуге жәрдем беремін.

КРАСИВИНСКИЙ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ҮМІТКЕР
Дата публикации
26 мая 2021