ЗНАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕР

Дуйкенова Айжан Рахимбекқызы-1976 жылы туған, қазақ,  білімі жоғары, Орал мемлекеттік аграрлық университетін 2020 жылы «жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Есіл ауданы "Бірлік "Астық компаниясы" ЖШС лаборант – технолог болып бастады.

2003 жылдың ақпанынан 2015 жылдың ақпанына дейін - ақмола облысы есіл аудандық ішкі істер бөлімі кеңсесінің жетекші маманы.

2015 жылдың сәуір бастап 2015 жылдың тамыз дейін - Есіл ауданының білім беру бөлімінің әдіскері.

2015 жылдың тамыз бастап 2018 жылдың сәуір дейін "Красивинский селолық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы.

2018 жылдың сәуір бастап 2018 жылдың қазан айына дейін Есіл ауданы "Есіл қаласы әкімінің аппараты" ММ бас маманы.

2018 жылдың қазан бастап қазіргі уақытқа дейін "Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ жетекші маманы.

ЗНАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ

ӘКІМ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТ

Дуйкенова Айжан  Рахымбекқызының

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен өзімнің сайлау алды бағдарламамда Отанымның, халқымның көркейуі үшін қолымнан келетін істерімді көрсетуім қажет.

 Бар күшімді Знаменка ауылы тұрғындарының мұқтажын шешуге жұмсаймын. Алдыма шешуін қажет ететін әрі нақты міндеттер қоямын.

- біріншіден ауыл тұрғындарының тұрмыс-жағдайын жақсарту, рухани және мәдени құндылықтарын жаңғырту, тұрғындардың денсаулығын, ана мен баланың әлеуметтік құқықтарын және қоршаған ортаны қорғау;

- басты міндеттердің бірі ол мүгедектер мен зейнеткерлерге, көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылырына қолдау мен нақтылай көмек көрсету;

- мектептің материалдық-техникалық қорын жаңарту, мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу, мамандар мәселесін шешу, білім беру сапасын жақсарту, мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру - маңызды міндеттердің бірі деп санаймын;

- Жастар – Қазақстанның болашағы сондықтан жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы, сол сияқты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дамуын және қабілеттілігін дамыту басты мәслеле деп санаймын;

- ауыл тұрғындарының үй-тұрмысын жақсарту, жазғы суару жүйесін және ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру қажет;

- Селолық округте орналасқан ЖШС және ШҚ басшыларымен бірлесе отырып ауылды дамыту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Қыс мезгілінде көшелерді қардан тазарту, жаз мезгілінде көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тарихи жәдігерлерді сақтап және оларды көріктендіру қажет;

- демократиялық қоғам құру тұрақты және ұзақ процесс. Мен Знаменка ауылының әкімі болып сайланған жағдайда Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында Жалпы халықтық саяси бағдарламаның мәртебесін көтеруге, сайлау заңнамаларын жетілдіруге, өзін-өзі басқару институтын іс жүзіне асыруға өз үлесімді қосамын.

Бар күш–жігерімді, білімімді, өмірлік тәжірибемді халыққа адал да тәжірибелі қызмет етуге жұмсаймын.

ЗНАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕР
Дата публикации
26 мая 2021