Деревяга Максим Леонидович-1991 жылы туған, белорус, білімі жоғары, Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті 2016 жылы «юриспруденция» мамандығыны бойынша бітірдім.
Еңбек жолын Есіл ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы болып бастады.
2019 жылдың қараша бастап қазіргі уақытқа дейін Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.
Есіл ауданының Красногорский кенті әкіміне
үміткер ДЕРЕВЯГА МАКСИМ ЛЕОНИДОВИЧТІ сайлау алды
бағдарламасы
Мен Тәуелсіздік алған жылдар ішінде осы елімнің миллиондаған азаматтарымен бірге өзімнің әр қадамымды, істерімді, қызметімді Президенттің атымен бірге жасасып келе жатқанымды мақтан етемін.
Құрметті сайлаушылар!
Өзімнің сайлау алдындағы бағдарламаманың негізгі басымдықтарын төмендегідей етіп белгілеймін:
- қазақстандықтардың әл ауқатын көтеруге, экономикасын өсіруге, ішкі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған «Нұр-Отан»партиясының бағыттарын қолдау;
- зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы және қамтылуы нашар отбастарының мүдделерін қорғауда барлық әлеуметтік кепілдемелердің орындалуына қол жеткізу;
- адамдарды әлеуметтік қолдау: әлеуметтік саланы дамытуды, жастардың жұмыспен қамтылуын, жас отбастарының әлеуметтік қорғалуын басты назарға алу;
- қылмыстық, ішкіштік, нашақорлық, бұзушылық діни ағымдар жолын ұстаушылық секілді әсіресе жастар арасында қоғамға қайшы құбылыстармен мақсатты бағытталған күрес жүргізу;
- азаматтар арасында ұлтаралық қатынастарды нығайту және дамыту;
- сыбайлас жемқорлықпен күрес, шенеулік бюрократиялық кедергілерді жою.