ЗНАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕР

Бакижанов Ержан Ескергенұлы - 1990 жылы туған, қазақ,  білімі жоғары, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 2011 жылы «юриспруденция» мамандығыны бойынша бітірдім.

Еңбек жолын Есіл ауданы "УТЦ Нур-Лайн" ЖШС заңгер көмекшісі болып бастаған.

2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазанына дейін - "Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты"ММ бас маманы.

2014 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Есіл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы"КММ маманы.

Есіл ауданының Знаменка ауылы әкіміне

үміткер БАКИЖАНОВТЫҢ  ЕРЖАН ЕСКЕРГЕНҰЛЫ САЙЛАУ алды бағдарламасы

          

Сайлау алды бағдарламама сай  ауыл тұрғындарының әл-аухатын арттыруға ат салысамын.  Бұл үшін жергілікті жерлер әкімдерінің  кеңейтілген өкілеттілігін қамтамасыз ету керек. 

- зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған отбасылар қызығушылықтарын әрқашан санатқа алып,  қорғайтын боламын. Әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы, зейнетақыны әрдайым назарда ұстаймын;

- денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет қызметкерлерін қолдаймын,  осы адамдардың ынта-жігерлерінің арқасында біз және біздің  балаларымыз  дені сау, білімді және мәдениетті;

- ауылдық округ тұрғындарының сапалы медицина қызметімен қамтамасыз ету, ана мен бала жағдайын да басты назарда ұстаймын;

- жұмыссыздықпен күрес, селодағы жұмыссыздық мөлшерін азайту мақсатында  жаңа жұмыс орындарын ашу, елді мекендегі тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың көлемін   азайту мақсатында күш біріктіре жұмыс істеймін;

- ауылдық округтағы инфрақұрылымды дамыту: телефон жүйесін, көлік қатынастарын, автомобиль жолдары мен  селоны көркейту мәселесін басты назарға аламын;

- алдағы уақытта елдегі өмірдің жаңдану отандық тауар өндірушілердің  қолдауымен жүзеге аспақ, селодағы шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерінен шикізат өңдеу және ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуді ұйымдастыру жүзеге асырамын;

- елді мекендегі мамандандырылған – техникалық мекемелерге кадрлық мамандар даярлауға көңіл бөліп, жұмысқа орналасуын қадағалаймын, әркім өз отбасын адал еңбекпен, лайықты өмірмен қамтамасыз етуге жағдай қалыптастырамын .

ЗНАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕР
Дата публикации
26 мая 2021