"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 5 қарашасы
№ 605 бұйрығына
1-қосымша

 "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыру әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әскерге шақыру комиссиялары арқылы көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
  2. Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.
  3. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында келтірілген.
  4. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің тізбесі:

      1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;

      2) комиссия мүшелері:

      аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана жергілікті әскери басқару органының бастығы;

      аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;

      аудан (қала), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады.

      Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына бір жұмыс күні ішінде жолдайды.

       Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыруды келіседі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

       Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағында көзделген.
  2. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
  3. Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы бір жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", сондай-ақ әскерге шақыру комиссиясының хаттамасын толтыру үшін көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері және әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жолданады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

       Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Әскерге шақыруды
кейінге қалдыру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

       Нысан

 

Әскерге шақыру
комиссиясының төрағасына
____________________________
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
телефон ____________________

 Өтініш

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес

       __________________________________________________________________________

       __________________________________________________________________________

       (көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес кейінге қалдырудың себебі көрсетілсін)

       әскерге шақыруды кейінге қалдыруды сұраймын.

       __________________________________________________________________________

       _________________________________________________________________________

       ________________________________________________________________________

       ________________________________________________________________________

      құжаттарын қосамын.

       Күні _________________

      Қолы ______________



 

"Әскери қызметке
шақыруды кейінге қалдыру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

 

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні

 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

 

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

 

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

 

7

Жұмыс кестесі

1) ЖАО-да – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде:
1 наурыздан 30 маусымға дейін;
1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www. egov. kz порталында орналасқан.

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
әскерге шақырылушының асырауында мынадай отбасы мүшелерінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
әкесі, анасы, әйелі, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған кезде, зейнеткер жасына толған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесі;
ата-анасы болмаған кезде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілері, апа-сіңлілері;
әскерге шақырылушыдан басқа бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған бір және одан да көп балалары бар және оларды күйеусіз (әйелсіз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесі);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабілетсіз немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын бір және одан да көп жалғызілікті туыстары (әкесі, анасы, аға-інілері, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусіз (әйелсіз) асырап отырған анасы (әкесі);
бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып табылатын, екіншісін өзі асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегіз жасқа дейінгі бір және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бірі;
отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
2) өзінің асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы болып танылған азаматтар үшін);
3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемінде екі жыл тәрбиесінде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі;
4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
білім беру ұйымынан оқып жатқанын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
6) денсаулық жағдайы бойынша, азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
әскерге шақырылушының әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылғандығы туралы аудандық (қалалық) медициналық комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі;
7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
8) тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
депутаттық қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе соттар қылмыстық істерін қарап жатқан адамдарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
оған қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушы туралы анықтау және алдын ала тергеу органдарынан алынған және оған қатысты сот қылмыстық істерін қарап жатқан әскерге шақырылушы туралы соттардан алынған, сондай-ақ оған қатысты үкімнің заңды күшіне енгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
11) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
12) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
13) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
оқып жатқанын растайтын құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан алынған анықтаманың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, баланың (балаларының) туу туралы, зайыбының қайтыс болуы туралы, некеге тұруы туралы құжатының деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

 

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында және осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

10

Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

 

 

"Әскерге шақыруды
кейінге қалдыру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

         

       Нысан

 

Тегі, аты, әкесінің аты
ол бар болған кезде)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"

       Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Сізге ________________________

       20___ жылғы "____" ____________ дейін

       __________________________________________________________________________

       __________________________________________________________________________

       (кейінге қалдырудың себебі)

       әскерге шақыруды кейінге қалдыру ұсынылды.

       Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ____________________________________

       __________________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)                         (қолы)

      20___ жылғы "____" ____________

 

"Әскерге шақыруды
кейінге қалдыру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

 

Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
____________________________
 (көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

       Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарыңыздың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауына байланысты әскерге шақыруды кейінге қалдырудан бас тартылды, атап айтқанда:

       1) ____________________________________;

       2) ____________________________________;

       Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________

       ______________________________________________________ _______

       Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)                   (қолы)

      20__жылғы "___"____________

 

"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Дата публикации
18 мая 2021