Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Есіл қаласы                                  № 51/24                     2021 жылғы 30 сәуір

 

 

 

Есіл аудандық мәслихаты депутатының мандатын беру туралы және Есіл ауданы мәслихатының депутаты болып тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 111-1-бабының 6-тармағына сәйкес және саяси кеңес Бюросының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 024 қаулысының негізінде Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Есіл аудандық мәслихатының депутаты өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мандат Кекенова Анар Сембайқызына берілсін.

2.1986 жылы туған, Есіл қаласында тұратын, қазақ, "Nur Otan" партиясы Есіл аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Сембайқызы Кекенова Есіл аудандық мәслихатының депутаты болып тіркелсін, оған куәлік пен төсбелгі табысталсын.

3.Бұқаралық ақпарат құралдарында Есіл аудандық мәслихаты депутатының тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
30 апреля 2021