Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫ

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫ

 

Есіл қаласы                                  № 49/22                     2021 жылғы 14 сәуір

 

Есіл аудандық мәслихаты депутатының

өкілеттігін тоқтату туралы

 

 

         Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 7-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты Есіл аудандық мәслихатының депутаты А. С. Ерденованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз қаланғаны белгіленсін.                                                      

2.Есіл аудандық мәслихатына мәслихат депутаты А. С. Ерденованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫ
Дата публикации
30 апреля 2021