«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

ішкі конкурс

 

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ (индексі 020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі 6,  анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-47)21-4-82, факс 8(716-47)21-9-53, электрондық мекен-жайы: esil_sup@aqmola.gov.kz) (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жалдағанда файлардың максималды жіберілетің көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru,gmail.com және  т.б.) 5 Мб аспауы қажет))Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімініңтұрғын үй инспекциясы сектордың меңгерушісі ,(№27-03)«Е-R-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай106359теңгеден 142815теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:тұрғын үй қорын, газ және газбен жабдықтау басқару  саласында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары нда бақылау субъектілеріне  мемлекеттік бақылау, сондай-ақ       қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары нда бақылау субъектілеріне мемлекеттік қадағалау

Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеуді ұйымдастыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару .     Пәтерлердің және  тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады.  Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындауды қадағалау. Көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындауды қадағалау. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізу.  Елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақтауды қадағалау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу. Бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсету.Елді мекендерді және ауданның елді мекендерінің іргелес аумақтарына апаратын жолдарды абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және орындалуын бақылау. Мемлекеттік қызмет көрсету. Облыс әкімдігіне және басқармаларға ақпараттарды жину, есептерді қалыптастыру және құжаттарды дайындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында бөлім басшылығы анықтайтын басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру немесе мұнай газ ісі)  немесе құқық (құқықтану) немесе қызмет көрсету  (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе әскері іс және қауіпсіздік  (өрт қаіпсіздігі) саласындажоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің бар болуы;

      7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде Уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмейЕсіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________.

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

Е-maіl: _______________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________

 

________ _______________________________________

(қолы)        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс
Дата публикации
16 апреля 2021