Ақмола облысы Есіл ауданы Жаныспай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Жаныспай с. № 2 21 қаңтар 2021 жыл
Жиналыс өткізілетін орын: акимат ғимараты
Өткізетін уақыты: 15.00 сағат
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында бүгін біз жергілікті қоғамдастық жиналысын өткіземіз.
Жиналысқа 9 адамнан тұратын жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері шақырылды, жиналысқа 9 адам қатысты (тіркеу парағы қоса беріледі), жоқ - 0.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 9-тармағына сәйкес "жергілікті қоғамдастық жиналысы оған жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген мүшелердің кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі" жиналыс заңды болып табылады.
Жиналыстың күн тәртібі:
Тыңдалды:
Жаныспай ауылдық округінің әкімі Байғалым Аймерейдің 2020 жылға арналған бюджеттің орындалуы бойынша күн тәртібінің мәселесі жөніндегі ақпараты.
Бюджеттің атқарылуы: меншікті кірістер (салықтық, салықтық емес түсімдер бойынша) жылдық 12129,0 мың теңге сомасында бекітілді. Аудандық мәслихат сессиясының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 63/2 шешімімен ұлғаю жағына қарай 18580,8 мың теңге сомасында нақтыланды.
Салықтық түсімдер бойынша жоспар бойынша 458,0 мың теңге, іс жүзінде 3268,4 мың теңге түсті, орындалуы 713,6% құрады, жоспарға 2810,4 мың теңге, оның ішінде:
- 101202 "төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы" коды бойынша 01.01.2020 жылғы жағдай бойынша бекітілген бюджет 0 мың теңге, нақтыланған бюджет 137,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде 183,2 мың теңге немесе 133,7% түсті, жоспардың асыра орындалуы 46,2 мың теңге;
-01.01.2020 жылғы жағдай бойынша 104102 "Жеке тұлғалардың мүлкіне салық" коды бойынша бекітілген бюджет 143,0 мың теңге, нақтыланған бюджет 6,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде 14,4 мың теңге түсті немесе 239,6%, 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығында 8,4 мың теңге асыра орындалды.
- 104302 "Елді мекендерге жер салығы" коды бойынша жоспар бойынша 315,0 мың теңге іс жүзінде 560,9 мың теңге немесе 178,1% түсті, 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығында 245,9 мың теңгені асыра орындау және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарында тіркелген жер учаскелерінің санын ұлғайту есебінен;
- 104401 "Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық" коды бойынша түсімдер жоспары болмаған жағдайда жыл басына іс жүзінде 528,9 мың теңге түсті;
- 104402 "Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық" коды бойынша түсімдер жоспары болмаған жағдайда жыл басына іс жүзінде 1548,3 мың теңге түсті;
- 105430 "сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем" коды бойынша жыл басына түсімдер жоспары болмаған жағдайда іс жүзінде 432,8 мың теңге жүйелік емес сипаттағы бір жолғы түсімдерге жататын төлемдер түсті.
2020 жылға арналған бюджет шығыстарының атқарылуы.
Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 63/2 "Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы" шешімімен шығындар 12129,0 мың теңге сомасында бекітілді. Нақтыланған бюджет 18580,8 мың теңгені құрайды, түзетілген бюджет 18580,8 мың теңгені құрайды. Орындалуы 18580,3 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 100% құрады: оның ішінде аудандық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспар бойынша 11671,0 мың теңге, түзетілген бюджет 11389,0 мың теңге немесе 99,9% игерілді.
"Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»
01.01.2021 жылға осы функционалдық топ бойынша бюджет 100,0% - ға орындалды. Бекітілген бюджет 11671,0 мың теңге, нақтыланған бюджет 11389,0 мың теңге, түзетілген бюджет 11389,0 мың теңге, орындалуы 11385,5 мың теңге, ауытқуы 0,5 мың теңге, оның ішінде: 0,3 мың теңге еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, 0,2 мың теңге өзге де үнемдеу.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
01.01.2020 жылғы жағдай бойынша бекітілген бюджет 458,0 мың теңге, нақтыланған бюджет 6591,8 мың теңге, түзетілген бюджет 6591,8 мың теңге, орындалуы 6591,8 мың теңгені немесе жоспардың 100% орындалды, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6591,8 мың теңге бөлінді, орындалуы 6591,8 мың теңге немесе 100%.
Көлік және коммуникация
01.01.2020 жылғы жағдай бойынша бекітілген бюджет 0 мың теңгені құрады, нақтыланған 600,0 мың теңге, түзетілген бюджет 600,0 мың теңге, орындалуы 600,0 мың теңге немесе 100 %.
2020 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті келісу туралы мәселе дауысқа салынды.
"Үшін" - 9 адам
"Қарсы" - жоқ
"Қалыс қалды" - жоқ
Бірауыздан қабылданды.
ШЕШТІ:
Жиналыс өткізу бойынша ескертулер түскен жоқ.