Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қырқүйектегі № а-9/286 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Есіл ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № а-9/286 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8017 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Х.Мұсабаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.