Бұзылық а. № 2 2021 жылғы 21 қантар
Өткізілген орны – «Ақмола облысы
Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі
Әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемсінің ғимараты.
Өткізілген уақыты – сағат 15-00
Қатысқандар: Гах Н. Г.,
Жұмағулова С .А.,.
Қайнеденова Б. М.,
Федотова Н.Н.
Қанашева С. К.,
Кәрімова М.Н.,
Качанов Д. С.,
Макогон С.,
Салтаев Р.С.
Дәлелді себептермен жоқ:
Гришенков Н.А.,
Сайитхалилова Р. Г.,
Қанашева А. К.
Төрегелдинов А. Б.
Жиналыс төрағасы: Макогон С. А.
Жиналыс хатшысы: Кәрімова М.Н.
Жиналыстың күн тәртібі:
Тыңдалды: Бұзылық ауылдық округінің әкімі А.К.Ысқақовтын 2020 жылға арналған бюджеттің күн тәртібінің мәселесі бойынша ақпараты.
Бюджеттің атқарылуы: меншікті кірістер (салықтық, салықтық емес түсімдер бойынша) жылдық 997,0 мың теңге сомасында бекітілді. Аудандық мәслихат сессиясының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 63/2 шешімімен ұлғаю жағына қарай 1721,3 мың теңге сомасында нақтыланды.
Салықтық түсімдер бойынша жоспар 793,0 мың теңге болса, іс жүзінде 2349,7 мың теңге түсті, орындалуы 271,0% құрады, жоспарға 1520,5 мың теңге, оның ішінде:
- 101202 "төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы" коды бойынша жоспар 144,9 мың теңге болғанда іс жүзінде 144,9 мың теңге түсті немесе 100,0 %.
- 104102 "Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық" коды бойынша жоспар 24,0 мың теңге болғанда іс жүзінде 26,1 мың теңге түсті немесе 108,0 %, асыра орындау 2,1 мың теңге.
- 104302 "Елді мекендерге жер салығы" коды бойынша 501,0 мың теңге жоспар бойынша іс жүзінде 581,9 мың теңге немесе 116,0% түсті, жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарында тіркелген жер учаскелерінің санын ұлғайту есебінен 80,9 мың теңгені асыра орындау;
- 104401 "Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық" коды бойынша іс жүзінде 150,8 мың теңге түсті.
- 104402 "Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық" коды бойынша жоспар 343,0 мың теңге болғанда іс жүзінде 1446,0 мың теңге түсті немесе 421,6%, асыра орындау 1103,0 мың теңге.
Салықтық емес түсімдер бойынша
- 206117 "қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсуі" коды бойынша іс жүзінде 724,3 мың теңге түсті.
- 201510 "аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер" коды бойынша іс жүзінде 166,8 мың теңге түсті.
Жоғары тұрған органдардан түсетін трансферттер
- 402301 "ағымдағы нысаналы трансферттер" коды бойынша 350,0 мың теңге сомасында алынды;
- 402303 "аудандық бюджеттен субвенциялар" коды бойынша 15448,3 мың теңге алынды.
2020 жылға арналған бюджет шығыстарының атқарылуы.
Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 63/2 "Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы" шешімімен шығындар 14724,0 мың теңге сомасында бекітілді. Нақтыланған бюджет 15448,3 мың теңгені құрайды, түзетілген бюджет 15448,3 мың теңгені құрайды. Орындалуы 15448,3 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 100% - ды құрады.
"Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" Н. 1»
01.01.2021 жылға осы функционалдық топ бойынша бюджет 100,0% - ға орындалды. Бекітілген бюджет 13727,0 мың теңге, нақтыланған бюджет 13727,0 мың теңге, түзетілген бюджет 13727,0 мың теңге, орындалуы 13726,5 мың теңге, ауытқуы 0,5 мың теңге, оның ішінде: 0,2 мың теңге еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, 0,3 мың теңге мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» Н.7
01.01.2021 жылғы жағдай бойынша бекітілген бюджет 997,0 мың теңге, нақтыланған бюджет 1321,3 мың теңге, түзетілген бюджет 1321,3 мың теңге, атқарылуы 1320,8 мың теңгені немесе 99,9% –ды құрады, игерілмеген сома 0,5 мың теңге-дөңгелектеу есебінен қалдық.
«Көлік және коммуникация» Н.12
01.01.2021 жылғы жағдай бойынша бекітілген бюджет 400,0 мың теңге, нақтыланған бюджет 400,0 мың теңге, түзетілген бюджет 400,0 мың теңге, атқарылуы 400,0 мың теңгені немесе 100% - ты құрады.
2020 жылға арналған бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есепті келісу туралы мәселе дауысқа салынды.
.
«Қолдағандар»- 9 адам
«Қарсы» - жоқ
«Қалыс қалғандар» - жоқ
Бірауыздан қабылданды.
ШЕШТІ: 1. 2020 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті келіссін .
Жиналыс төрағасы: Макогон С. А.
Жиналыс хатшысы: Кәрімова М.Н.