Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің 2021-2023 жылғы арналған азаматтық бюджеті
1 бөлім. Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында.
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 18 524 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
5) Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн қолданылатын ең төменгi күнкөрiс деңгейi – 34 302 теңге.
1.2. Заречный ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары
Ауылдық округтің бюджеті «Есіл қаласының, Красногорск кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің 2021 – 2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 82/2 шешімімен бекітілді.
Бюджет түсімдері
Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің бюджет көлемі
2021 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі 12643,0 мың теңге көлемінде бекітілген, оның 12643,0 мың теңгесі аудан бюджетінен түсетін субвенция.
Кестеде 2021-2023 жылдарға арналғантүсімдердің көлемі келтірілген.
мың теңге
|
Түсімдер |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Барлығы |
15650,0 |
15769,0 |
16347,0 |
|
Табыс салығы, оның ішінде |
0 |
0 |
450,0 |
|
жеке табыс салығы |
0 |
0 |
450,0 |
|
Салық түсімдері, оның ішінде: |
3007,0 |
3126,0 |
3254,0 |
|
меншікке салынатын салықтар, оның ішінде: |
3007,0 |
3126,0 |
3254,0 |
|
мүлікке салынатын салықтар: |
28,0 |
29,0 |
32,0 |
|
жер салығы |
440,0 |
457,0 |
476,0 |
|
көлік құралдарына салынатын с алықтар |
2539,0 |
2640,0 |
2746,0 |
|
Трансферттер түсімі, оның ішінде: |
12643,0 |
12643,0 |
12643,0 |
|
субвенция |
12643,0 |
12643,0 |
12643,0 |
2021 жылға арналған аудан бюджетіне түсетін салық түсімдерінің құрылымы
Бюджет шығыстары
2021-2023 жылдары бюджеттік шығыстар саясатының негізгі басымдықтары аудан экономикасын дамытудың тиімділігін арттыруға жағдай жасай отырып, мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау болып табылады. Бұл ретте әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалатын шығындардың негізгі үлесін көздейтін, әлеуметтік шығыстардың басымдығы сақталағандығын айта кету керек.
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл
|
2022 жыл |
2023 жыл
|
|
БАРЛЫҒЫ |
15650,0 |
15769,0 |
16347,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, оның ішінде |
12643,0 |
12643,0 |
12643,0 |
|
Аудандық маңызы бар қаланың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
12643,0 |
12643,0 |
12643,0 |
|
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, оның ішінде |
3007,0 |
3126,0 |
3704,0 |
|
Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру |
1603,0 |
3126,0 |
3704,0 |
|
Елдімекендердің санитариясын қамтмасыз ету |
|
|
|
|
Елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
1404,0 |
0 |
0 |
2021 жылы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі бюджетінің қаражатын шығыстаудың негізгі бағыттары
1.3. Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің бюлджет тапшылығы – 0 мың теңгені құрайды.