2021-2023 жылдарға арналған ауылдық бюджет жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму және ҚР бюджеттік параметрлері болжамының негізінде жүзеге асырылды.
Бюджет Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың № 82/2 сессиясында «2021-2023 жылдарға арналған Есіл қаласының,Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітілген.
Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
Свободный ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 2020 жылы Свободный ауылы және Раздольное ауылы негізінде құрылды.
Ауылдық округте нақты 1424 адам тұратын 498 отбасы тұрады.
Ауылдық округ экономикасының ауыл шаруашылығы бағыты бар. Сонымен қатар, ауылдық округте жеке кәсіпкерлердің саны артып келеді. Шаруашылық субъектісі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытады.
Түсімдер
2021 жылға ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі 20158,0 мың теңге сомасында жоспарланды, оның ішінде өз кірістері 2468,0 мың теңгені құрайды.
мың.теңге
|
Түсімдер |
2021жыл болжам |
2022жыл болжам |
2023жыл болжам |
|
Барлығы |
20158,0 |
20257,0 |
20955,0 |
|
Салық түсімдер, оның ішінде: |
2368,0 |
2463,0 |
3157,0 |
|
Жеке табыс салығы |
|
|
596,0 |
|
Мүлікке салынатын салықтар |
101,0 |
105,0 |
109,0 |
|
Жер салығы |
181,0 |
188,0 |
196,0 |
|
Көлік құралдарына салынатын салық |
2086,0 |
2170,0 |
2256,0 |
|
Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: |
100,0 |
104,0 |
108,0 |
|
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер |
100,0 |
104,0 |
108,0 |
|
Басқа да салықтық емес түсімдер |
|
|
|
|
Трансферттер түсімі, оның ішінде: |
17690,0 |
17690,0 |
17690,0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
|
|
|
|
Субвенция |
17690,0 |
17690,0 |
17690,0 |
2021-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістері келесі көлемдерде айқындалған:
2021 жылы 20158,0 мың теңге сомасында,
2022 жылы 20257,0 мың теңге сомасында,
2023 жылы 20955,0 мың теңге сомасында.
2021 жылға арналған жеке кірістер 2468,0 мың теңге сомасында. 2022 жылға жеке кірістері 2567,0 мың теңге сомасында анықталды, 2023 жылға – 3265,0 мың теңге сомасында анықталды.
2021 жылға арналған аудандық бюджеттен берілген субвенция 17690,0 мың теңге сомасында көзделген.
Ауылдық округ бюджетінің шығыстары
2021-20223 жылдары бюджеттік шығыстар саясатының негізгі басымдықтары ауылдық округ экономикасын дамытудың тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады.
2021-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің шығыстары бойынша бекітілген бюджет
|
Функционалдық топтар бойынша |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
Барлығы |
20158,0 |
20257,0 |
20955,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
17690,0 |
17690,0 |
17690,0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
1668,0 |
1997,0 |
2671,0 |
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
800,0 |
570,0 |
594,0 |
Санитария және абаттандыру
Ауылдық округ бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары Свободный ауылдық округінде санитарияны қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру болып табылады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2021 жылы 1668,0 теңге сомасына полигонды тазалау және 800,0 теңге сомасына аншлагтарды сатып алу және орнату қарастырылған.