Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында тұрғындармен өткізген есептік кездесулерінде айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды іс жүзіне асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен өткізген есеп беру кездесулерінің қорытындылары туралы тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында тұрғындармен өткізген есепті кездесулерінде айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды іс жүзіне асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары (бұдан әрі-Жоспар) бекітілсін.
  2. Есіл ауданы бойынша аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларында өткен халық алдында есеп беру кездесулерінде айтылған, ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес ұсыныс енгізсін.
  3. Есіл қаласы, ауыл, ауылдық округ және Красногорский кенті әкімдері:

1) өзін-өзі басқару бөлімдерінің және аудандық қызметтердің басшылармен бірлесе отырып аталған Жоспарды іс жүзіне асыруды қамтамасыз етсін;

2) Жоспарды іс жүзіне асыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы Есіл ауданының тұрғындарын тоқсан сайын ақпараттандырсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қадағалайтын мәселелері бойынша Есіл ауданы әкімінің орынбасарларына, Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Мұсабаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Есіл ауданының әкімі                                                        С.Балжанов

План мероприятий
Дата публикации
12 февраля 2021