Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі «Ақмола облысы, Есіл ауданы, Приишимка ауылын дамыту және құрылыс салу схемасын (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасын) әзірлеу» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетінін хабарлайды
Өткізу орны: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Приишимка ауылы
Өткізу күні: 2026 жылғы 19 қазан
Қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: сағат 14.30-да
Қоғамдық талқылаудың басталу уақыты: сағат 15.00-де
Өткізу мекенжайы:Элеватор Приишимка ЖШС 2 қабат акт залы
Қоғамдық талқылаулар шеңберінде Приишимка ауылын дамыту және салу схемасының (оңайлатылған бас жоспар) жобасы қаралатын болады, ол елді мекеннің аумақтық дамуы мен құрылысының, функционалдық аймақтандырудың, тұрғын үй, қоғамдық, өндірістік және коммуналдық аумақты, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттарын көздейді.
Тапсырыс беруші: «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі, тел. 87164720700
Жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстары жазбаша түрде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Есіл қаласы, Д.Қонаев көшесі, 13 және/немесе электрондық нысанға esilstroy@inbox.ru
Қоғамдық талқылаулар ашық жиналыста өткізіледі.
Приишимка ауылының тұрғындары, мүдделі мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады.