|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (болған жағдайда): 1) техникалық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу; 2) техникалық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге.
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Сәулет, қалақұрылысы және құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган
|
|
2
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері және оның кіші түрлері (бар болса)
|
www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және оның кіші түрлері (бар болса)
|
1) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық жағынан күрделі емес құрылыс объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық жағынан күрделі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) құрылыс объектілер жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 12 (он екі) жұмыс күні.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны және оның кіші түрлері (бар болса)
|
Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған)
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оның кіші түрлері (бар болса)
|
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру немесе осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету және оның кіші түрлері (бар болса) үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші; объект мердігерлік тәсілмен бұзылған жағдайда мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады; егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болса, онда құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (бұзу) жұмыстарының кешенін жүргізуге объектінің басқа меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі және оның параметрлері ұсынылады; егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу үй-жайлардың (үй бөліктерінің) аралас меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, онда үй-жайлардың (үй бөліктерінің) аралас меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі ұсынылады; ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі (Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер бойынша және қала құрылысы жобаларына сәйкес ЖАО бекіткен реновация бағдарламасына енгізілген талап етілмейді); ЖЖЖ (Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер бойынша талап етілмейді) электрондық көшірмесі; көп пәтерлі тұрғын үй апатты деп танылған жағдайда, жергілікті атқарушы органның ведомствоаралық комиссиясының құрылыс объектісін апатты деп және бұзылуға тиіс деп тану туралы электрондық көшірмесі.
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден және оның кіші түрлерінен (бар болса) бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тартады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
|