Есіл ауданы Двуречный ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 13 қыркүйекте Есіл ауданы Двуречный ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті       

         Есіл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Есіл ауданының Двуречный ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1043 азамат енгізілді, олардың 742-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 21.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дүйкенова А.Р. – 43; Русаков В.А. – 628; Шуллер Ю.Э. – 38.

1968 жылы туған Русаков Валерий Анатольевич Двуречный ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Двуречный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ көркемдік еңбек пәнінің мұғалімі, Есіл ауданының Двуречный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша ұсынылған.

 

                                    

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 сентября 2026