Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2027-2031 жылдарға арналған шекті деңгейлер бойынша «Есіл қалалық шаруашылық» ШЖҚ МКК-нің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф пен тарифтік сметаның жобасын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.
Жария тыңдау тарифті бекітуге немесе өзгертуге өтінімді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады. Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған.
Жария тыңдау 2026 жылғы 1 қазанда, сағат 10:00-да Ақмола облысы, Есіл қ, Б. Момышұлы көшесі, 20 құрылыс, «Есіл қалалық шаруашылық» ШЖҚ МКК-нің мәжіліс залы мекенжайы бойынша, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы (идентификатор: 633 319 3624, құпия сөз: 1234567890) онлайн өтеді.
Сонымен бірге, жария тыңдау параллельді түрде онлайн режимде Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің «ТМРК Ақмола облысы Депараменті» (https://www.facebook.com/profile.php?id=100067937962179) ресми парақшасында көрсетілетін болады.
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
Департамент - (87162) 50-43-63;
«Есіл қалалық шаруашылық» ШЖҚ МКК (экономикалық бөлімі) - 8(716-47) 41-7-38; 8 708 179 46 06