Есіл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 5 тамыздағы
№ 32/23 қаулысына қосымша
2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар
|
1. Ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау. |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын
2026 жылғы 5 тамыз
(113-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы, 2-тармағы) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей
(22-баптың 2-тармағы) |
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей-2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей
(13-баптың 4-тармағы) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей
(17-баптың 2-тармағы) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудан әкімі
Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он бес күндік мерзімде - 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей
(23-баптың 5-тармағы) |
|
6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну. |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өз мүшелерінің арасынан, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат, сондай-ақ жоғары тұрған әкім болып сайлануға ниет білдіргені туралы өтініш беру арқылы өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады 2026 жылдың 6 тамызында басталып, 2026 жылдың 18 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады
(113-3-бап) |
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
|
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп
( 4-бап, 113-2-бап) |
|
|
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап
(14-баптың 8-1) тармақшасы, 31-бап) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Кандидат Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-баптарында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде
(113-4 бап.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін үш күн мерзім ішінде
(113-4-баптың 8, 9-тармақтары) |
|
11.Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржыжылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржыжылының 1 қаңтарында қолданыста болатынең төменгі жалақының біреселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (әрбір ұсынылған кандидат үшін 85000 теңге) |
|
|
|
Кандидаттар және саяси партиялар
Кандидатты тіркеуге дейін
(113-5-баптың 2-тармағы) |
|
12. Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратыну әкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2026 жылғы 1 тамызға). |
|
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидатты тіркеуге дейін (113-5-баптың 3-тармағы) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-баптың 3-тармағы) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2026 жылдың 6 тамызынан басталып, 2026 жылдың 23 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады
(113-5-баптың 14-тармағы) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-баптың 9-тармағы) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы
Үгіт басталғанға дейін 2026 жылғы 23 тамызға дейін
(28-баптың 6-тармағы) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылдың 23 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 12 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
(27-баптың 2-тармағы) |
|
18. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру, сондай-ақ бөлінген үй-жайларда кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Жергілікті атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы
Сайлауалды үгіт жүргізу кезеңінде
(28-баптың 4-тармағы) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 23 тамызға дейін
(24-баптың 5-тармағы) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2026 жылғы 28 тамыздан бастап
(26-баптың 1-тармағы) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскеліксайлаукомиссиялары
Дауыс беру өткізілетін күнге дейін онкүнненкешіктірмей
2026 жылғы 2 қыркүйекке дейін
(18-баптың 5) тармақшасы, 38-баптың 2-тармағы) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Аудандық сайлау комиссиясы
|
|
|
|
Сайлауға дейін үш күннен ерте емес және бір күннен кешіктірмей
2026 жылғы 10 қыркүйектен ерте емес және 2026 жылғы 12 қыркүйекке дейін
(37-баптың 3-тармағы) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскеліксайлаукомиссиялары
Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын 2026 жылғы 13 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де
(40-баптың 1-тармағы) |
|
24. Дауыс беруді өткізу
|
|
|
|
Учаскеліксайлаукомиссиялары
Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін
(38-баптың 1-тармағы) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ден бастап
(18-баптың 8) тармақшасы, 43-бап) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін дереу
(43-баптың 8-тармағы) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
|
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін дереу
(113-8-баптың 1-тармағы) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу
|
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілгеннен кейін үш күннен кешіктірмей 2026 жылғы 16 қыркүйектен кешіктірмей
(113-10-баптың 1-тармағы) |
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей
(44-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы) |
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн ішінде, сондай-ақ сайланған әкім Конституцияға және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен үйлеспейтін міндеттерді өзінен алып тастағаны туралы жазбаша өтінішін ұсынғаннан кейін 2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей
(45-бап, 46-баптың 3-тармағы, 113-11-баптың 1-тармағы) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.