Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2026 жылғы 19 шілдеде Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті  

         Есіл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Есіл ауданының Юбилейный ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 423 азамат енгізілді, олардың 339-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 15.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Колос В.И. – 254; Орехова Т.В. – 35; Сулейменова Д.С. – 30.

1966 жылы туған Колос Виктор Иванович Юбилейный ауылдық округінің әкімі болып сайланды, "Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Есіл ауданының Юбилейный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша ұсынған.

 

Есіл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2026 жылғы 19 шілдедегі № 25 шешімімен 2026 жылғы 19 шілдеде сайланған Есіл ауданының Юбилейный ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

                                    

Есіл аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 июля 2026