«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық елді мекендерде білікті мамандарды тартуға және бекітуге бағытталған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы хабарлайды.
Бағдарлама ауылдық жерлерде жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады және ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Бағдарламаға ұйымда жұмыс істеуге келген мамандар қатыса алады: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениеттер, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.
Бағдарламаға қатысудың негізгі шарттары:
✔ біржолғы көтерме жәрдемақы — 100 айлық есептік көрсеткіш;
✔ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит — 2 000 АЕК дейін.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
Маман үшін келісім бойынша ауылдық елді мекенде орналасқан ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратында Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен ұйымдарында кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесін қабылдау негізгі талап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңес алу үшін «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. Мекен-жайы: Қонаев көшесі 15, тел.8 (71647)21-6-72.