Ақмола облысында туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстау форматы іске қосылды

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет көрсетудіңжаңа форматы енгізілдіЕнді ата-аналар баласыныңтуу туралы куәлігін перинаталдық орталықтар мен ауруханалардың перзентхана бөлімдеріндесалтанатты түрде ала аладыдеп хабарлайды"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттіккорпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойыншафилиалы

Құжатты рәсімдеу мен табыстау рәсімі перзентханадан шығару кезінде мерекелік атмосферада өткізіледі.

Алғашқы салтанатты рәсімдердің бірі Аршалы ауданында өтті. Жаңа туған сәбидің ата-анасына туу туралы куәлік медицина қызметкерлері мен жақындарының қатысуымен табысталып, ерекше мәнге ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ресми бюрократиялық үдерісті есте қаларлық отбасылық оқиғаға айналдыруға мүмкіндік береді. Қызмет бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Құны 6 733 теңге.

Жаңа формат мемлекеттік сервисті одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болмақ.

 

 

Дата публикации
30 июня 2026