Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат

         2026 жылғы 28 маусымда сағат 18.00-де Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округіне әкім болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.

    Ұсынылған 3 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:

- Колос Виктор Иванович 1966 жылы туған, "Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Есіл ауданы Юбилейное ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Орехова Татьяна Васильевна, 1979 жылы туған, «Ақмола облысының ветеринария басқармасының» бас маманы, Есіл ауданының Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша ұсынылған;

- Сүлейменова Дина Серікпайқызы, 1981 жылы туған, «Есіл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Есіл ауданы Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша ұсынылған.

 

Есіл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 июня 2026