Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 23 маусымда  сағат 18.00-де Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Юбилейный ауылдық округ бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 (100%) - өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 28 маусымда  сағат 18.00-де аяқталады.

Дата публикации
24 июня 2026