Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізеді
Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі 2026 жылғы 1-5 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатысып, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша «Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Фазилов Данияр Қанатұлына 2-16-42, 8 (700) 648-84-69 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 5 маусымға дейін қабылданады.