ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі

 

лот №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің берілу мақсаты

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері)

Алаңы (га)

Бонитет балы

Топырақ сипаттамасының сапасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

 

1

 

Астрахан ауылдық округі

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Егістік

25,0

37

Күңгірт-күрең топырақ

суландырылмаған

Өсімдік шаруашылығы

 

2

 

Ұзынкөл ауылдық округі

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Егістік

 

142,0

21,5

Күңгірт-күрең топырақ

суландырылмаған

Өсімдік шаруашылығы

 

3

 

Острогорск ауылдық округі

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Егістік

 

 

44,0

18,7

Күңгірт-күрең топырақ

суландырылмаған

Өсімдік шаруашылығы

 

4

 

Колутон ауылдық округі

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Жайылым

 

261,0

18,4

Күңгірт-күрең топырақ

суланған

 

мал шаруашылығы

 

5

 

Каменка ауылы

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Жайылым

 

470,0

10,2

Күңгірт-күрең топырақ

суланған

 

мал шаруашылығы

 

6

 

Каменка ауылы

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу

Жайылым

 

520,0

11,1

Күңгірт-күрең топырақ

суланған

 

мал шаруашылығы

 

Жалпы аумағы 1462,0 га, соның ішінде егістік 241,0 га, жайылымдар 1251,0 га

 

 

ЕСКЕРТПЕ:

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;  2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау міндеттемелер;

3)Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде КР Жер Кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Өтінімде өтініш берушілердің жұбайының (зайыбының) шетел азаматтығы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 29 маусым бастап 2026 жылғы 20 шілде қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз)  2026 жылғы 21 шілдеде сағат 10.00-де  Ақмола облысы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 үй, 2 қабат, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Астрахан ауданы әкімдігінің http://astrahan.gov.kz/ нтернет-ресурстарында немесе «Астрахан ауданының  ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71641)23865 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

 

Дата публикации
26 мая 2026