"Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Осы "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі ̶ мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.