
Азаматтық бюджет – жұртшылыққа қолжетімді нысанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат.
Азаматтық бюджетті жариялау бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Азаматтық бюджетті:
жергілікті бюджет бойынша – облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттары;
бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасайды.