Құрметтi азаматтар!
Өтiнiштер, мемлекеттiк билiк органдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет етуiнiң маңызды құралдарының бiрi болып табылады. Өтiнiштi жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың маңызды институттарының бiрi ретiнде қарастыру қажет. Азаматтардың өтiнiштерi орын алған уақиғалар мен үдерiстер туралы өзiнiң пiкiрiн айту, жетiлдiру бойынша ұсыныс енгiзу және қарапайым тұрғыдан алғанда өзiнiң өзге де құқықтары мен мүдделерiн iске асыру мүмкiндiгi, «керi байланыс» болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың әкiмшiлiк рәсiмдерi, нақтылы регламенттелген және бiр жүйеге келтiрiлген.
Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы жүгіну, жеке өзі жүгіну, сондай-ақ Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және ұжымдық өтініштер жіберу құқығы мынадай жолдармен іске асырылады:
1. Жаныспай ауылдық округі әкімінің аппаратына жазбаша өтініш беру: Жаныспай ауылы, Ленин көшесі, 15
2. Жазбаша өтінішті "Қазпошта"АҚ пошта байланысы арқылы беру
3 ."Е-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы "электрондық өтініш"бөлімдерінде.
4. Жаныспай ауылдық округі әкімдігінің ресми интернет-ресурсы арқылы өтініш
Жеке қабылдауға 8 (71647) 29-6-21 телефоны бойынша жазылыңыз.