Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппаратында құқық кабинеті өз жұмысын бастағанын хабарлаймыз.
Мұнда округ тұрғындары: ✔️ құқықтық кеңес ала алады;
✔️ Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысу;
✔️ мемлекеттік құқықтық ақпараттық жүйелерге қол жеткізу.
🕘 Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма
09: 00-ден 18:30-ға дейін
📍 Кабинет ауылдық округ әкімінің аппаратында орналасқан.
Құқықтық ақпарат-әр тұрғын үшін қол жетімді және тегін!
«Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2026 жылғы 1-30 наурыз аралығында 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Есеп Заречный ауылдық округі әкімдігінің ресми интернет-ресурсында танысу үшін орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-zarechnyi.
Қосымша ақпаратты телефон нөмірі бойынша алуға болады: 8(71647) 26-4-38.
Барлық тұрғындарды қатысуға және өз ұсыныстарын енгізуге шақырамыз.
Заречный ауылдық округінде ауыл жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Жұмысты «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Жолды тазарту қыс мезгілінде тұрғындар мен көліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытылы және адал жұмысы үшін алғыс айтамыз!
Бүгін Зареченка ауылдық округінде "Наурыз Мейрамы"мерекесіне арналған ауылдық округ тұрғындары арасында үстел теннисінен турнир өтті. Орындар келесідей бөлінді: 1 орын-Русаков Евгений ; 2 орын-Жанахмет Асланбек; 3 орын-Грановский Денис ."Заречный "ЖШС директоры У .С. Ариповқа көрсеткен демеушілік көмегі үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Бүгін Зареченка ауылдық округінде" Наурыз Мейрамы"мерекесіне арналған ауылдық округ командалары арасында волейболдан турнир өтті. Орындар келесідей бөлінді: 1 орын - спорт ардагерлерінің командасы; 2 орын-мұғалімдер командасы; 3 орын-оқушылар командасы . "Заречный" ЖШС директоры У. С. Ариповқа көрсеткен демеушілік көмегі үшін зор алғысымызды білдіреміз
Зареченка ауылдық округінде балаларға арналған қысқы слайдтар сатып алынды және орнатылды.Слайдтар жергілікті өзін-өзі басқару есебінен сатып алынды .

Ақмола облысының кадр комиссиясыөңірлік кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда)https://onir.pkrezerv.gov.kz/ онлайн-платформасында кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен құпия сөзіарқылы дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.Құжаттарaqmola@onir.pkrezerv.gov.kzэлектрондық почтаcы арқылы немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттарда онлайн-платформадатіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы31 наурыздан кешіктірмей жүктеуі тиіс.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді онлайн-платформадан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсынанhttps://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан https://www.instagram.com/elgeqyzmet.aqmola/)және 8 (7162) 51 81 32, 51 81 17 телефондары арқылы алуға болады.