GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
15 мая 2026
Есіл ауданының әкімі С. М. Балжановтың Юбилейный ауылдық округ тұрғындарымен кезекті есептік кездесуі

Кездесулерге аудан прокуроры Н. Ережепов, қызмет басшылары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Кездесулер ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар округтің өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Мемлекеттік қызметтер
08 апреля 2026
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 09 ақпандағы № А-2/18 "2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу туралы " қаулысының негізінде 1 наурыздан бастап 2026 жылғы 30 наурызда "Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау өткізіледі

19 марта 2024
Наурыз мейрамын Ақмола облысында жаңа форматта атап өтеді
Биыл Ақмола облысында Ұлы мереке – Наурыз мейрамы жаңаша, ерекше нақышта тойланады.
Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі аясында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады.
14 наурыз – «Көрісу күні» («Амал» мерекесі) дәстүр бойынша көршілерге сәлем беретін уақыт. Бұл күні алғаш рет Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысының мәдениет майталмандары ұжымдары облыс шекарасы аумағында кездесу өткізеді.
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай облыстық мәдениет мекемелері мүмкіндігі шектеулі жандарған арналған қайырымдылық концерттерін өткізеді.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне Әдебиет және өнер музейі сағат 10.00-де «Ақ бата – асыл мұра» батагөйлер байқауын өткізеді.
17 наурыз – Шаңырақ күніне орай облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Атам мен әжем» облыстық байқау-фестивалін ұйымдастырады.
Наурызнаманың 18 наурыз – Ұлттық киім күні ұлттық киімдерді, ұлттық құндылықтарды танымал ету мақсатында «РИО» сауда ойын-сауық орталығында open space креативті алаңында жетекші дизайнерлердің қатысуымен «Балқадиша» ұлттық киімдер шеруі (дефиле) өтеді.
19 наурыз – Жаңару күні. Тарихшы мамандар тарих ғалымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректоры кеңесшісі Аманбай Асылбайұлы, тарих ғалымдарының магистрі Ғалымтай Мәлікұлы қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Атадан ұл тумайды ондай сабаз» атты ұлттық ойындардан шеберлік сағаты, әлемдік күнтізбелерді зерттеген кеңестік ғалым Мыңбай Ысқақовқа арналған «Халық жыл санауының тарихи негіздері және ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қажымұқан» спорттық-сауықтыру кешенінде «Жүзден жүйрік» атты ұлттық ойындардан жарыс (асық, тоғызқұмалақ) өтеді.
21 наурыз – Ынтымақ күніне орай мәдениет мекемлерімен жақын және алыс шетелдердің жетекші шеберлерінің тікелей эфирде құттықтау мерекелік эстафетасы ұйымдастырылады.
22 наурыз – Жыл басы күні Көкшетау қаласының алаңдары жаңа нақышта безендіріліп, алғаш рет 3 ауыл тігіледі: қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Біржан Салдың 190 жылдығына арналған БІРЖАН САЛ АУЫЛЫ, қазақтың халық композиторы, атақты палуан, спортшы Балуан Шолақтың 160 жылдығына арналған БАЛУАН ШОЛАҚ АУЫЛЫ және ҚОЛӨНЕРШІЛЕР АУЫЛЫ.
23 наурыз – Тазару күні облыс төңірегінде жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді.

 

Құқықтық тәртіп
19 марта 2024
111 қызметі отбасы және әйелдер мен балалар мүдделерін қорғайды

«Азаматтарға арналған үкіметтегі» төрт ай ішінде 111 байланыс орталығы 9 мыңға жуық  қоңырау қабылдаған. Оның 500-ге жуығы зорлық пен қатыгездік жайында және оның көбі балаларға қатысты болған.

Азаматтардың ең көп сауалдары заңгерлік кеңес, әлеуметтік қорғау, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласына қатысты.

111 қызметі мен жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтардың көмегімен соңғы айларда бірнеше қиын жағдайлар шешілді: мүгедек қыздың мектептегі зорлық-зомбылықпен күресуіне көмек берілді, ер адам құлдықтан құтқарылды, әкімдіктің қолдауымен аз қамтылған отбасына өрттен кейін тұрғын үйі қалпына келді, жалғызбасты қарт әкенің ұлын циркке апару арқылы арманы орындалды, сонымен қатар, оқушы балаға күнделікті мектепке қатынауы үшін жол жүру картасын алуға көмек көрсетілді. 111 қызметінің кеңесшілері әрбір қоңырауды жеке мәселе ретінде емес, белгілі бір отбасының бірнеше мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде қарастырады.

111 қызметіне жиі жүгінетін 30 бен 44 жас аралығындағы әйелдер болып табылады – олардың қоңыраулары 60% құрайды. Бұл бала құқығын қорғап, отбасындағы озбырлыққа қарсы күресетін ең белсенді қоғамдық тобы.

Байланыс орталығының заңгерлері мен психологтары хабарласқан әрбір адамға мәселесі шешілгенше қолдау көрсетіп, кеңес береді, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына ақпарат береді.

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғаудағы 111 қызметі 2023 жылдың 16 қазанынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген болатын. 111 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалуға болады, анонимдік және жеке деректердің қорғалуына кепілдік беріледі. Байланыс орталығы құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста, барлық қоңырауларды тіркеп, дағдарыс шешілгенше әрбір отбасының жағдайын бақылайды.

https://youtu.be/g049N1kK_GY

Әскери есепке алу
19 марта 2024
ҚР Президенті 2024 жылы мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер адамдар әскерге шақырылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, құжатта белгіленген мерзімге қызмет еткен мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы айтылады.

"2024 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында Қарулы Күштер қатарынан, ішкі істер министрлігінен, Төтенше жағдайлар министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Мемлекеттік күзет қызметінен белгіленген мерзімге қызмет еткен мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару", — делінген хабарламада.

Жаңа әскерге шақыру 2024 жылдың наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында басталады. Бұл әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі қазақстандықтарға қатысты болады.

"Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы азаматтарды 2024 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды", — деп тапсырды президент.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы