Есіл ауданы Московский ауылы әкімдігінің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Есіл ауданы Московский ауылы әкімдігінің

2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

бойынша қызметі туралы есебі

 

1.Жалпы ереже

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттер бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Московский  ауылында мемлекеттік қызметтерді ауыл әкімінің аппараты көрсетеді.

Дата публикации
17 февраля 2026