
О
Еңбек ұтқырлығы орталығы:
1) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;
2) субсидияланатын жұмыс орындарын құруға өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын бекітеді.
Субсидияланатын жұмыс орындарына жіберуге осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың келісімімен ғана жол беріледі, бұл ретте олардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіптік және басқа да жеке ерекшеліктері ескеріледі.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адам он сегіз жасқа толмаған болса, оны субсидияланатын жұмыс орындарына жіберуге оның заңды өкілдерінің келісімімен жол беріледі.
Субсидияланатын жұмыс орындарында еңбек қызметін дәлелсіз себеппен өз бетінше тоқтатқан адамдар жұмыссыз ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.
Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесін, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптарды, олардың жалақысын субсидиялаудың мөлшері мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.