GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Есеп беру кездесулері
15 мая 2026
Есіл ауданы әкімінің халықпен тұрақты кездесуі!

Интернациональный ауылында аудан әкімі С. Балжановтың тұрғындармен кезекті кездесуі өтті.

Кездесулерге аудан прокуроры. Н. Ережепов, қызмет басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында өзекті әлеуметтік мәселелер, елді мекендерді дамыту сұрақтары, сондай-ақ тұрғындардың ұсыныстары талқыланды.

Құқықтық тәртіп
Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер
11 марта 2026
Құқық кабинеті

 "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы форматында құқық кабинеті жұмыс істейді.

        Құқық кабинеті ауыл тұрғындарының жер және мүліктік қатынастар мәселелері бойынша құқықтық ақпарат пен түсіндірмелерді өз бетінше алуына арналған. тұрғын үй мәселелерін әлеуметтік қорғау және әлеуметтік төлемдер еңбек заңнамасы құқықтық сипаттағы басқа да салалардағы мемлекеттік қызметтердің Әкімшілік рәсімдері. Құқық кабинеті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған. Интернациональный ауылдық округінің тұрғындарын құқықтық көмек пен кеңес алу мүмкіндігін белсенді пайдалануға шақырамыз.

        Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Интернациональный ауылы, Маяковского көшесі, 9/А немесе 8(71647) 28-6-36 телефоны

15 марта 2024
Биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мерекесі жаңа форматта өткізіледі
 
Жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылды. Наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, еліміздің барлық аймағына жіберілді. Бұл туралы ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Оның айтуынша, тарихта Наурызды тойлау 8-9 күнге жалғасқан. Оны «Наурызнама» деп атаған. Бұл туралы деректер ұлы философ-жазушыларымыз Махмұд Қашғаридің, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Абай Құнанбайұлының, Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде жазылған. Сәбит Барлыбаев мереке күні ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарымен бөлісті.
«14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі деп аталады. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық аймақтарда тойлау ұсынылды. Халық үшін бұл қастерлі әрі орны ерекше дәстүр болып табылады. 15 наурыз «Қайырымдылық күні» етіп белгіленді. Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз. Қоғамға қайырымдылық көрсету мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруымыз қажет. 16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» етіп белгіленді. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарлануда», – деді спикер.
Ал, 17 наурыз «Шаңырақ күні» болып белгіленді. Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді. 18 наурыз күні Ұлттық киімдерге арналады. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр.
«19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. 20 наурыз Ұлттық спорт күні етіп белгіленді. Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Ел ішінде өткізілетін ат жарыстар - бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және асық ату, тоғызқұмалақ, садақ тарту турнирлері қарапайым халықтың шынайы мереке салтанатын сезінуіне мүмкіндік береді», – деді Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.
Оның хабарлауынша, 21 наурызды Ынтымақ күні етіп жариялау ұсынылды. Оның басты мақсаты жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау болып табылады.
22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. 14-23 наурыз аралығында «Наурыз-базарлық» маусымы жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар өтеді.
«Ал, Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз Тазару күні етіп жарияланады. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді», – деді С.Барлыбаев.
Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесін тойлауға арналған жалпы республикалық жоспар әзірледі. Құжатта барлық форматтағы іс-шаралар қамтылған. Жалпы республика бойынша 10 мыңнан астам іс-шара өткізіледі. Ал, басты мереке 21 наурыз күні Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінің аумағында өтеді. Аталған мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда мерекенің тұжырымдамасы бекітіліп, дайындық жүргізіліп жатыр.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы