"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;";

      мынадай мазмұндағы 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.";

      7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 18, 19, 20 және 21-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қаамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
15 апреля 2025