GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Все материалы
23 октября 2026
«Ауыл аманаты» бағдарламасы шағын бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды қолдайды

Құрметті Есіл қаласының тұрғындары!

Өз ісіңізді ашқыңыз келе ме? «Ауыл Аманаты» несиелеу бағдарламасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.

📌 Микронесиелеудің негізгі шарттары:

🔹 Ауыл шаруашылығына жатпайтын жобалар үшін:
несиелеу мерзімі — 5 жылға дейін;
ең жоғары сома — 2 500 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін.

🔹 Ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар үшін:
несиелеу мерзімі — 7 жылға дейін;
ең жоғары сома — 2 500 АЕК-ке дейін.

🔹 Өнімді қайта өңдеу жобалары үшін:
несиелеу мерзімі — 7 жылға дейін;
ең жоғары сома — 8 000 АЕК-ке дейін.

🔹 Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін дамыту үшін:
несиелеу мерзімі — 7 жылға дейін;
ең жоғары сома — 8 000 АЕК-ке дейін.

📉 Тікелей қарыз алушылар үшін пайыздық мөлшерлеме — жылына 2,5%.

💼 Қаржыландыру қандай бағыттар бойынша беріледі?

Бағдарлама аясында келесі бағыттар бойынша жобаларға қолдау көрсетіледі:

1️⃣ Өңдеу өнеркәсібі және өнімді қайта өңдеу.
2️⃣ Өсімдік шаруашылығын дамыту.
3️⃣ Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жабдық сатып алу.
4️⃣ Мал шаруашылығын дамыту.
5️⃣ Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін басқа да кәсіпкерлік қызмет түрлері.

✅ Есіл қаласының тұрғындары бағдарлама мүмкіндіктерін пайдаланып жатыр!

Алдыңғы кезеңде жүк тасымалдау қызметтерін дамыту, отбасылық дәмхана, автожуу және сұлулық салоны үшін жабдық сатып алу бойынша жобалар мақұлданды.

Бұл мысалдар бағдарламаның әртүрлі бизнес бастамаларды қолдайтынын және кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасайтынын көрсетеді.

📍 Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?

Бағдарламаға қатысу, микронесиелеу шарттары және құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша сұрақтармен мына мекенжайларға жүгінуге болады:

- «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ;
- «Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
- «Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ

Құрметті тұрғындар! Егер сіз өз ісіңізді ашқыңыз келсе, «Ауыл Аманаты» бағдарламасының шарттарымен танысып, қатысу мүмкіндігін қарастырыңыз.

23 октября 2026
Есіл қаласы әкімінің халықпен есеп беру кездесулері

📢 Құрметті Есіл қаласының тұрғындары!

Сіздерді Есіл қаласының әкімі Айтмұхамбетов Ғ.М. халық алдындағы есептік кездесулеріне қатысуға шақырамыз.

📅 Өткізілетін күні: 2026 жылдың 28 қазаны.

📍 Кездесулер кестесі:

🕙 10:00 — № 1 орта мектеп;

🕒 15:00 — № 2 орта мектеп.

Кездесулер барысында тұрғындар жұмыс нәтижелерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаланың дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар енгізе алады.

Баршаңызды белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

22 октября 2026
Көп пәтерлі үйдегі жылу — ортақ жауапкершілік

2026 жылғы 20 қазанда Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56А мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйді жылумен жабдықтау мәселелері бойынша тұрғындардың үшінші жалпы жиналысы өтті.

Жиналысқа «Есіл қаласының әкімдігі аппараты» ММ, «Есіл ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ және жылу беруші ұйым — «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК өкілдері қатысты.

Тұрғындармен екінші жиналыс жылыту маусымы басталмай тұрып өткізілген болатын. Осылайша, үйдің жылыту жүйесінің қалыпты жұмысы мәселесі алғаш рет талқыланып отырған жоқ.

«Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» ШЖҚ МКК мамандары үйішілік жылыту жүйесіне тексеру жүргізді. Оның жекелеген бөліктерінде гидравликалық параметрлердің теңгерімсіздігі бар екені анықталды.

Жылу тасымалдағышты жүйенің түрлі учаскелері арасында бөлуді теңестіру үшін мамандар теңгеру шүмектерін орнатып, кейін жүйені реттеуді ұсынды. Бұл гидравликалық жүктемелерді реттеуге және жылуды үй бойынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

Алайда тұрғындардың бір бөлігі ұсынылған техникалық шешімді қолдамайды және мамандардың ұсынымдарын орындамайды.

Сонымен қатар мынаны түсіну қажет: көппәтерлі үйдің жылыту жүйесі — жекелеген пәтерлердің жиынтығы емес, біртұтас жүйе.

Өкінішке қарай, мұндай мәселе бір үйге ғана тән емес.

Көбінесе жоғарғы қабаттардың тұрғындары жылыту жүйесінен ауаны уақтылы шығармайды. Соның салдарынан жылу тасымалдағыштың қалыпты айналымы бұзылады, бұл басқа да, оның ішінде төменгі қабаттардағы пәтерлердегі температураға әсер етуі мүмкін.

Тағы бір мәселе — үйішілік жылыту жүйесін өз бетінше өзгерту. Біреулер қосылу схемасын өзгертеді, біреулер қосымша радиаторлар орнатады, біреулер мұндай өзгерістердің көрші пәтерлерге және жалпы жүйенің жұмысына қалай әсер ететінін ескермей, дәл өз пәтері үшін жылытуды барынша жайлы етуге тырысады.

Әркім ортақ жүйені тек «өзіне» қарай реттей бастағанда, бүкіл үй зардап шегеді.

Дәл осындай жағдай, қолда бар ақпаратқа сәйкес, Жеңіс көшесі, 56А мекенжайы бойынша орналасқан үйде де байқалады. Кейбір тұрғын үй кіреберістерінде температуралық режим неғұрлым жайлы, ал басқа пәтерлерде тұрғындар жылытудың жеткіліксіздігіне тап болады.

МұндапәтериелерініңғанаемесЕсілауданыныңТКШЖКАЖжәнеТИбөліміММніңдекөппәтерлітұрғынүйлердіңортақмүлкінбасқаружайкүйіненазараударғаныжөн

Үйді тиісті түрде бірыңғай басқарудың болмауы, үйішілік инженерлік жүйелердің келісілмеген өзгерістері және мамандардың техникалық ұсынымдарының орындалмауы ақыр соңында тұрғындардың бір-біріне, жылу беруші ұйымға және мемлекеттік органдарға наразылық білдіруіне әкеп соғады.

Бұл ретте мәселені шешу техникалық талаптарды қарапайым сақтаудан және үйішілік жылыту жүйесі бүкіл үйдің ортақ жүйесі екенін түсінуден басталуы тиіс.

Есіл қаласының барлық көппәтерлі үйлерінің тұрғындарына жүгінеміз:

Бүкіл үй үшін салдарын түсінбей, жылыту жүйесін жаппаңыздар және өзгертпеңіздер.

Егер жүйеде және техникалық талаптарда көзделген болса, жылыту аспаптары мен тіреуіштерден ауаны уақтылы шығарыңыздар.

Жылу беруші ұйым мамандарының ұсынымдарын тыңдаңыздар.

Жылытуға қатысты мәселелер туындағанда, себебін тек өз пәтеріңізден ғана емес, бүкіл үй жүйесінен іздеу қажет.

Ең бастысы — пәтер иелері үйдің ортақ мүлкін ұстау жөніндегі өз жауапкершіліктерін түсініп, шешімдерді тек жекелеген пәтердің мүддесіне ғана сүйенбей, бірлесіп қабылдауы тиіс.

«Есіл қаласының әкімдігі аппараты» ММ және «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы» мамандары өз тарапынан тексеруге және техникалық мәселелерді түсіндіруге қатысуға дайын.

Алайда үйдің өзінде тиісті басқару және техникалық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілмесе, көп пәтерлі үйді тұрақты жылумен жабдықтауды тек жылу беруші ұйымның күшімен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Үйдегі жылу — ортақ жүйе және ортақ жауапкершілік.

Пәтерде суық болғанша күтіп, содан кейін кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Мәселені қазір — пәтер иелерімен, мамандармен және үйді басқарушы тараппен бірлесіп шешу қажет.

22 октября 2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Есіл қаласында ағаш көшеттері отырғызылды

Есіл қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызу жүргізілді.

Іс-шараға қаланың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қаланы көгалдандыруға өз үлесін қосқан бей-жай қарамайтын тұрғындары қатысты.

Бастаманың негізгі мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту, жасыл желектердің санын арттыру және тұрғындар үшін қолайлы орта құру.

Осындай іс-шараларды өткізу экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және қаланы абаттандыру мәселелерінде тұрғындар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.

Есіл қаласын көгалдандыруға белсенді азаматтық ұстанымы үшін және үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

01 октября 2026
Халықаралық қарттар күні: құрмет және алғыс

Есіл қаласы әкімі аппаратының» ММ қызметкерлері Қарттар күнін мерекелеу аясында аппараттың бұрынғы қызметкерлеріне барып, өз назарларын, құрметтерін және алғыстарын білдірді.

Есіл қаласының әкімі Айтмұхамбетов Ғ.М. зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтап, адал еңбектері үшін алғыс білдірді.

Барша аға буын өкілдерін Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық амандық, жан тыныштығы, жақындарыңыздың қамқорлығы мен назарын тілейміз. Әр күн жылуға, құрметке, жақсы кездесулерге және қуанышқа толы болсын!

28 сентября 2026
Байқалмаған еңбек — елеулі үлес

«Байқалмаған еңбек — елеулі үлес» жалпыұлттық бастамасы аясында Есіл қаласының тазалығын, тәртібін және әсемдігін сақтауға күнделікті атсалысып жүрген жандар туралы айтамыз.

Күтілген көшелердің, таза қоғамдық кеңістіктер мен абаттандырылған аумақтардың артында ауа райы мен жыл мезгіліне қарамастан, күн сайын жұмысқа шығатын адамдар тұр.

Қоғамдық жұмысшылар қаланы абаттандыруға күн сайын өз үлестерін қосады: аумақтарды тазартады, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын қадағалайды, тәртіп орнату жұмыстарына қатысады.

Олардың еңбегі көпшілікке байқалмауы мүмкін, бірақ нәтижесі әрбір тұрғынға көрінеді. Дәл осы жандардың күнделікті жұмысының арқасында қаламыз тазарақ, жайлырақ және ыңғайлырақ бола түсуде.

Маңыздысы: қаланың тазалығы мен тәртібінің артында нақты адамдардың еңбегі тұр. Олардың қосқан үлесі құрметке, алғысқа және мойындауға лайық.

Күнделікті еңбегімен Есіл қаласын жақсартуда жүрген барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз!

28 сентября 2026
Жылумен жабдықтау мәселелері бойынша тұрғындармен жиналыстар өткізілді

18 және 19 қыркүйекте Есіл қаласында Гарышкерлер көшесі, 5, 7, 9 және Жеңіс көшесі, 56 мекенжайлары бойынша үй тұрғындарымен жиналыстар өткізілді.

Іс-шараларға Есіл ауданы әкімінің орынбасары, «Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Есіл ауданының ТКШ, ЖИ, АЖ және ТИ бөлімі» ММ өкілдері, сондай-ақ «Есіл қалалық шаруашылық» ШЖҚ МКК қатысты.

Кездесулер барысында жылумен жабдықтау және тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау мәселелері талқыланды. Тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, жауапты қызметтер өкілдерінен түсініктемелер ала алды.

Жиналыстар қорытындысы бойынша тұрғындарға жылыту маусымын ұйымдастыру және оған дайындалу бойынша қажетті түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда.

28 сентября 2026
Есіл қаласында Ғарышкерлер көшесі бойындағы жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Есіл қаласында Абылай хан көшесінен аккумулятор орталығына дейінгі Ғарышкерлер көшесіндегі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, бұл 2026 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Жөндеу жұмыстары бірнеше кезеңде орындалды:

🔹 Бірінші кезең – шұңқырларды іріктеп жою жұмыстары жүргізілді, бұл жол төсемінің ең проблемалы учаскелерін жоюға және жабындының әрі қарай деформациялануын болдырмауға мүмкіндік берді.
🔹 Екінші кезең – суық ресайклинг әдісімен негіздеме төсеу жұмыстары орындалды. Қолданыстағы асфальтбетон жабындысы қиыршық тас, цемент және су қосып, заманауи суық регенерация машинасының көмегімен қайта өңделді. Бұл технология жол киімнің беріктігі мен ұзақ мерзімділігін айтарлықтай арттырады.
🔹 Үшінші кезең – жаңа екі қабатты асфальтбетон жабындысы төселді, жалпы қалыңдығы 12 см, оның ішінде:
• ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат – 7 см;
• ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат – 5 см.
🔹 Төртінші кезең – инертті материалдарды пайдалана отырып, жол жиектері нығайтылды. Жол жиектері нормативтік жағдайға келтірілді, беткі суды бұрып жіберу үшін қажетті еңіс қамтамасыз етілді және жаңа асфальтбетон жабындысының шеті бекітілді.

Абылай хан көшесінен аккумулятор орталығына дейінгі учаскедегі барлық жұмыстар толық көлемде аяқталды.

Ғарышкерлер көшесінің қалған бөлігін жөндеу жұмыстары 2027 жылы қажетті бюджет қаражаты бөлінген жағдайда орындалады деп жоспарлануда.

Есіл қаласының әкімдігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көше-жол желісін жаңарту бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруда.

01 сентября 2026
📚 1 қыркүйек — Білім күні!

2026 жылғы 1 қыркүйекте Есіл қаласының жалпы білім беретін мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтті.

Есіл қаласының әкімі Айтмұхамбетов Ғ.М. жаңа оқу жылының басталуына орай Сайлау Серіков атындағы НМ-те өткен салтанатты жиынға қатысып, оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды құттықтады.

Осы маңызды күні мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бірінші сынып оқушыларына ерекше құттықтау сөздері арналды.

Барша оқушыларға оқуда табыс, жаңа білім, жарқын жаңалықтар мен жетістіктер тілейміз! Жаңа оқу жылы қызықты, мазмұнды болып, көптеген жақсы оқиғалар әкелсін. Ұстаздарға — шабыт пен кәсіби жетістіктер, ал ата-аналарға — балаларының жетістіктерімен мақтануды нәсіп етсін!

Жаңа оқу жылымен! Білім күнімен! 🎓

28 августа 2026
Жаңа оқу жылы қарсаңында балаға қайырымдылық көмек көрсетілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ оқу жылының басталуына дайындық үшін қажетті мектеп құралдарын ұсына отырып, балаға қайырымдылық көмегін көрсетті.

Қайырымдылық көмегінің демеушісі «Мираш-Н» ЖШС болды.

Акцияның басты мақсаты — балаларға қолдау көрсету және олардың оқу жылына толыққанды дайындалуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Мұндай іс-шараларды өткізу әлеуметтік жауапкершілікпен өзара көмек мәдениетінің дамуына, сондай-ақ ерекше назарды қажет ететін отбасыларды қолдауға ықпал етеді.

Барлық оқушыларға оқу жылының сәтті басталуын, жаңа білім мен жоғары жетістіктер тілейміз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы