Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясын және бекітілген стандарттарға негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Двуречный ауылы, Ленина көшесі, 9/2, инд.: 020904.