Қоғамдық мониторингтің мақсаты
Қоғамдық мониторинг жүргізудің мақсаты – қызмет көрсетушілер ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасына, қолжетімділігіне және көрсетілу рәсімдеріне қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін айқындау, проблемалық мәселелерді анықтау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Қоғамдық мониторингтің міндеттері
Қоғамдық мониторинг келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы ақпаратты бағалаудың негізгі өлшемшарттары бойынша алу;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді, соның ішінде әкімшілік және өзге де кедергілерді анықтау;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, оның ішінде оларды оңайлату, оңтайландыру және автоматтандыру процестерін жетілдіру жөнінде.