2024 жылға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің қызметі туралы есеп
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясын және бекітілген стандарттарға негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Двуречный ауылы, Ленина көшесі, 4/2, инд.: 020904.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
1) Тізілімге сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 6 мемелекеттік қызмет көрсетеді.
2024 жылы Двуречный ауылдық округі бойынша 13 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті:
- сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-1 кезең – 4;
- сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-2 кезең – 7;
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 2;
- «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет алынды - 390.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, ХҚО арқылы және тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.
Барлық мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларымен бекітіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
- сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу(1 және 2 кезең)- 11.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған. Мемелекеттік органның үй-жайы қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту орындарымен қамтамасыз етілген. Әкімдікке мемелекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары тұрақты негізінде жүргізілерді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері жөніндегі Бірыңғай байласныс орталығының 1414 телефоны бойынша.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Двуречный ауылдық округі әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
- 6 тікелей эфир өткізілді
- Instagram әлеуметтік желілерінде 10 мақала және Facebook-те 10 мақала мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша жарияланды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Двуречный ауылдық округі әкімі аппаратының кабинетінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. Жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бола отырып ала алады). 2024 жылы «Өзіне-өзі қызметкөрсету бұрышы» арқылы көрсетілетін қызметті алушылар - 390 қызмет алды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Жауапты қызметкерлер тұрақты негізде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді .
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2024 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары өткізілмеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2024 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.
4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы Двуречный ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ.
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
1) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
2) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;
3) көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету және танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, қағидаларды ресми Интернет-ресурста уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газеттерде жариялау;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
6) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;
7) мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;
8) негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;
9) «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі қазіргі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады – мемлекеттік қызметтер көрсетудің инновациялық және тиімді қағидаларын енгізу мемлекеттік шығыстарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтар тарапынан үкіметке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Двуречный ауылдық округі әкімдігінің қызметі туралы 2024 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар электрондық мекенжай бойынша қабылданады esil_dvurechensk@aqmola.gov.kz 8-716-47-27-3-47 телефоны бойынша.
Қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2024 жылға қызмет есебі
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
Двуречный ауылдық округі бойынша.
|
Шағымданушытуралымәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымдықарағанжәне (немесе) шешімқабылдағанорган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымдықарауқорытындысыбойыншақұжаттың № |
Қабылданғаншешім |
Қабылданғаншешімдіқайтақараутуралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Двуречный ауылдық округінің әкімі К.Мусин