2024 жылға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы
Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты қызметі туралы есеп
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібіминистрініңміндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы№ 39/НҚ бұйрығыменбекітілген, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы», Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар қағидалары мен бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 6 қызмет көрсетеді.
Бұзылық ауылдық округінде 234 аула бар, халық саны 688 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Бұзылық ауылы, Рассветная көшесі, 2, инд.: 020903.
Тізілімге сәйкес әкім аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2024 жылы Бұзылық ауылдық округі бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті:
- сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (1кезең) – 3;
- сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (2 кезең) – 2;
- «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет алынды - 376.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, ХҚО арқылы және тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.
Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар мен бар.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
- сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 5.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ғимаратында ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін отырғызу орындарымен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік мекеме ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараты бар стенд орналастырылған, «Агро-Олдиви» ЖШС, «Жасыбай ХХ1» ЖШС, Бұзылық және Сұрған мектептерінде электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу туралы ақпараттар 4 баннер орналастырылған.
Округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
- 7 тікелей эфир өткізілді
- аудандық «Есіл инфо» газетінде «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі тақырыбында 1 мақала жарияланды.
- Instagram әлеуметтік желілерінде 23 мақала және Facebook-те 23 мақала мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша жарияланды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Бұзылық ауылдық округі әкімі аппаратының кабинетінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. Жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бола отырып ала алады). 2024 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы көрсетілетін қызметті алушылар - 376 қызмет алды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Жауапты қызметкерлер тұрақты негізде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді .
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген қағидалар мен бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу және сапаны бағалау заңдылық, объективтілік, шынайылық, жан-жақтылық, ашықтық және бейтараптық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2024 жылы "Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралары өткізілмеген.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы Бұзылық ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ.
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
1) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
2) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;
3) көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету және танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, қағидаларды ресми Интернет-ресурста уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газеттерде жариялау;
5) мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;
6) негізсіз бас тарту фактілеріне жол бермеу;
7) «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі қазіргі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады – мемлекеттік қызметтер көрсетудің инновациялық және тиімді қағидаларын енгізу мемлекеттік шығыстарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтар тарапынан үкіметке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бұзылық ауылдық округі әкімдігінің қызметі туралы 2024 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар esil_buzuluk@aqmola.gov.kz электрондық мекенжай бойынша және 8-716-47-26-2-41 телефоны бойынша қабылданады.
Қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2024 жылға қызмет есебі
Бұзылық ауылдық округіндегі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілген қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағымданушытуралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытындысыбойынша құжаттың № |
Қабылданғаншешім |
Қабылданғаншешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |