Осы Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 1-тармағының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамдарды, мүлікті, қоғам мен мемлекетті өрттен қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.