Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары

Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10886 тіркелді) сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызметінің нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін Ақмола облысы бойынша қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.

Дата публикации
09 апреля 2024