Осы Ақмола облысында үй жануарларын асырау және серуендету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелген) үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін белгілейді.