Осы "Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу тәртібін айқындайды.
"Маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.